"Ойламаған жерден кездестік": Индира Расылхан жеке өміріндегі жаңалықты жариялады
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал әнші Индира Расылхан жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі ғашық болып қалғанын жасырмады. Тұрмыс құрғысы келетінін айтып, оқырмандарынан бақыт тілеуін сұрады.
“Алланың қалауымен ғашық болып қалдым. Жарияға жар салып, не болды мына Индираға, деп жатқан да боларсыздар. Бұл сезімді мен өмірімде сезініп көрмегендіктен, сіздерге айтпасам, ішім жарылардай сезімдемін.
Ойламаған жерден кездестік. Мұндай сезімді мен бұрын соңды сезініп көрмеген адаммын. Менің возрастымда бұл жағдай нормально ма, деп те кеше сториста сұрадым сіздерден. Барлықтарыңыз расымен де менің бақытты болғанымды қалайды екенсіздер. “Бақытты болыңыз!” “Бақытты болуға әбден лайықтысың!” деген жүрекжарды тілектеріңіз мені одан сайын бақытты етті. Мені бақытқа кенелткен бір адам бар екендігіне басында сенбеген едім. Қаншама жылдар бойы жандүниемде ондай жеңілдікті сезінген емес едім. Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын”, – деп жазды әнші.
Сондай-ақ өнер иесі орта жасқа жеткеніне қарамастан, барлық адам бақытты өмір сүру керегін айтты.
“Дәл осы жасқа келіп, осындай махаббатты жүрегіме салып, сол адаммен қауыштырғанына Аллаға мың шүкір!
Сіздерге де осындай махаббатты сезінуді Алла жазсын! Ал, құттықтауларыңызды жаза кетіңіздер!
Менің жасымда тұрмысқа шығу қалыпты ма?! Жасым 47-де. 4 баланың анасымын. Қыз ұзатып, құдағи атандым. Мен бақытты болуға ұмтылдым. Алладан дұға етіп сұрай бердім”, – деді өнер иесі.
Еске салайық, "Ән айту – харам" деп сахнадан кеткен Индира Расылхан өнерге қайта келген еді.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
