Өткен жылы Қазақстан Ресейден 9 триллион теңгеден аса ақшаға тауар импорттаған
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Ресейден 18,252 миллиард долларға (9 триллион 558 миллиард 199 миллион теңге) тауар импорттаған. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 8,3 пайызға артық. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Brics сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay
Мәліметке сәйкес, Қазақстанға 15,153 миллиард доллар (7 триллион 745 миллиард 130 миллион теңге) тауар импорттаған Қытай да Ресейдің негізгі импорт серіктестерінің біріне айналды.
Нәтижесінде импортталған барлық өнімдерден ресейлік тауарлардың үлесі 30,5 пайыз, ал қытайлық тауарлардың үлесі 25,3 пайыз болды.
Сонымен қатар Ресей Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдер арасындағы тауар айналымы бойынша Қазақстанның негізгі сауда серіктесіне айналды.
"Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде ең көп үлесті Ресей (91,3 пайыз), одан кейін Қырғызстан (5,6 пайыз), Беларусь (3 пайыз) және Армения (0,1 пайыз) алады", – делінген хабарламада.
Бюроның мәліметінше, өткен жылы Қазақстан негізінен жеңіл автомобильдер (3,8 пайыз), ұшақтар (3 пайыз), дәрі-дәрмек (2,8 пайыз), телефондар (2,7 пайыз) және автокөліктерге арналған кузов (2,3 пайыз) импорттаған.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан жыл басынан бері қытайлық жеңіл көліктердің импортын рекордтық деңгейге арттырған еді.