"Өтіп бара жатқан көлікке мінген": Маңғыстауда 33 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары сегіз күннен бері жалғасып жатыр
Маңғыстауда 33 жастағы ер адам "Кендірлі" демалыс базасының маңында жоғалып кетті. Оны іздеуге Lider.kz іздеу-құтқару қозғалысының еріктілері қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ерлан Есмағамбетов 17 наурыз күні сағат 05:00-де "Кендірлі" демалыс орталығынан Ақтауға жету үшін өтіп бара жатқан көлікке мінген. Біраз жол жүрген соң ол көліктен түскен. Ер адам басты асфальтталған жолға жету үшін шамамен 20 минут жүрген. Әзірге Ерлан Есмағамбетовтың қайда екені белгісіз.
Бойы 170-175 сантиметр, денелі, көзі қара, шашы қысқа.
"АТФ" деген жазуы бар қара күрте, спорттық шалбар мен қара кроссовка киген. Ерлан Есмағамбетов Ақтау қаласы, 17-шағын аудандағы №3А үйде тұрады.
Хабар-ошарсыз кеткен адам туралы мәлімет білсеңіздер мына телефон нөміріне хабарласыңыз: +7 (700) 499-72-92 немесе 102.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен