"Өте тез таралады": Әлем бойынша коронавирустың жаңа нұсқасы тарады
Ғалымдар Covid-тің XEC деп аталатын жаңа нұсқасы бүкіл әлемге тарай бастағанын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Бұл нұсқа алғаш рет Германияда маусымда табылды, содан бері XEC Ұлыбританияда, АҚШ-та, Данияда және басқа да бірқатар елдерде тіркелді. Мұны америкалық ғалым және Скриппс зерттеу институтының директоры Эрик Топол мәлімдеді. Ол XEC енді тарап жатқанын айтады.
"XEC негізгі ауру түріне айналғаны анық. Бірақ ол қарқынды таралуына бірнеше ай қажет", – деді Тополь.
Ғалымдардың айтуынша, XEC басқа вирустардан тезірек таралатын кейбір мутацияларымен ерекшеленеді. Дегенмен қолданыстағы вакциналар аса ауыр зардаптардың алдын алуға көмектесуі керек деп есептейді.
Фармацевтика өнеркәсібі коронавирусқа қарсы вакциналарды үнемі жаңартып отырады. Бірақ оларды әлі жаңа нұсқаға бейімдеген жоқ.
Лондон университеттік колледжінің генетика институтының жетекшісі, профессор Франсуа Балудың болжамдары бойынша, XEC келесі қыста Covid-19-дың негізгі нұсқасы болуы мүмкін.