"Өте аз қалды": Айгүл Иманбаева сәбилі болуға қатысты жақсы жаңалығын бөлісті
Танымал әнші Айгүл Иманбаева сәбилі болуға қатысты жаңалығын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Өнер иесі желіде жеке өміріне қатысты оқырманының сұрақтарына жауап берді.
Желі қолданушыларының бірі Айгүл Иманбаевадан күйеуімен жас айырмашылығы қанша екенін сұрады.
"Менің күйеуім менен әлдеқайда жас. Тіпті жап-жас. Менің туған күнім наурызда, оның туған күні қыркүйекте, яғни алты ай жас", – деп әзілдеді әнші.
Сондай-ақ тағы бір желі қолданушысы әншіге жүктілік туралы сұрақ қойды. Тіпті түсік тастауы мүмкін екенін де сұрады.
"Жақында өмірге бір бөпе келеді, айтамын. Уақыт аз қалды, өте-өте жуық арада", – деп жауап берді.
Желі қолданушыларының бірі әншінің ұлы туралы да сұрады. Айгүл Иманбаева ұлы үйленіп, келіні мен немересі бар екенін айтты.
Еске салайық, өнер иесі балалы болу үшін медициналық тексерістен өтіп жүргенін хабарлаған едік.
“Балалы болуға дайынмын. Биылдың жоспарында емес, Құдайдың жоспарындағы дүние. Бірақ менің маңдайыма бөпелі болуды жазса, мен дүниеге әкелуге дайынмын”, – деген еді әнші.