Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасын құрған екі жас тойды “зомби” стилінде өткізді (фото)

Үйлену тойы… Екі жастың өмірінде бір рет қана орын алатын бұл салтанатты шарада жас жұбайлардың бір-біріне беретін сертінен бастап, тойдың безендірілуі, оның өтетін жері, тіпті қонақтардың киімі қос ғашықтың екі жарты бір бүтін болуына ықпалдасып тұруы қажет-ақ. Бұл күні қалыңдық тазалық пен пәктікті білдіретін ақ түсті көйлек киіп, жаңа өмірге әппақ көңілмен қадам басуы абзал дерсіз. Алайда мұндайды қаламайтын жандар да бар болып шықты.

prc_52626079

Бұл туралы шетелдік Metro басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жуырда шаңырақ көтерген бұл жұбайлар үйлену тойларын зомби стилінде, яғни тірі өлік образында өткізді.

Жаңа өмірге қадам басатын күнді адам қараса шошитын жағдайда өткізген жұбайлар тойға 100 адам шақырған. Бір қызығы, салтанатты жиынға келген әр мейман жастардың көңілін қалдырмай, зомби стилінде киініп келіпті. Тіпті, олардың қатарында жас жұбайлардың қос перзенті Декстер мен Золи де бар.

pri_52496876

Әлемді елең еткізген тойға дайындық небәрі жеті апта жүрген.

“Біз шексіз бақыттымыз. Бұл өміріміздегі естен кетпейтін күн болды. Біз тойдағы әр ұсақ заттың зомби стилінде болуын қадағаладық. Бұл біздің мәңгілік бірге болатынымызды білдіреді”, – дейді күйеужігіт.

pri_52496717

 

Жіберіп алмаңыз:

Душанбе әуежайы басшысы президент тікұшағын шығарып салу барысында қаза тапты

Қаскөйдің өлер алдындағы соңғы тілегі: Саңырауқұлақ қосылған бургер мен 1 келі балмұздақ

Сингапурда тұңғыш рет әйел адам президент болды

Түркия президентінің әйелі қарапайым қазақ әжейдің қолын сүйіп, құрмет көрсетті

Талқылау