Отбасының 11 баласы бар: Түркістандық әйел үшемді өмірге әкелді

Фото: Денсаулық сақтау басқармасы
Түркістан облысында үшем өмірге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
№ 1 облыстық перинаталдық орталықта Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева үшем дүниеге әкеліп, 11 баланың анасы атанды.
Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Үшемдер мезгілінен ерте туғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған. Қазір ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Бүгін сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды.
Жалпы өңірде биыл 6 айда 22 638 бала дүниеге келген. Облыста 22 перзентхана қызмет көрсетеді. Босандыру ұйымдарында 319 акушер-гинеколог, 89 неонатолог, 101 анестезиолог-реаниматолог жұмыс істейді. 165 акушер-гинеколог ота жасау дағдыларын меңгерген.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіреге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмаса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"