Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Отбасына қоқан-лоқы көрсеткен": Астанада 5 жыл бойы бұрынғы әйелін мазалаған ер адам бас бостандығынан айырылды

Астанада 5 жыл бойы танысын мазалаған ер адам сотталып, бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: dzen.ru

Астана прокуратурасының мәліметінше, ер адам қорғау қаулысына қарамастан, әйелдің үйіне жүйелі түрде келіп, жанжал шығарған. Әйелдің отбасына қоқан-лоқы көрсетіп, дене жарақаттарын салған. Сот оны 1,5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сондай-ақ прокурорлар 7 жыл бойы бұрынғы әйелін ұрып-соққан ер адамға да жаза қолдануды талап етіп, ол бір жылға бас бостандығынан айырылды.

"2024 жылдың маусымынан бастап азаптауға нақты бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеледі. Өткен жылы мұндай істер бойынша 85 отбасылық жанжал тудырушыға қатысты үкім шығарылды", – деп хабарлады қадағалаушы орган.



Еске салайық, бұған дейін Оралда әйел өзінің бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 миллион теңге беріп, адам жалдаған. Полицейлер қылмыстың алдын алды. Алайда сотта оның күйеуі арызданудан бас тартып, әйелді босатуды өтінді. Эльвира Еркебаева күйеуі Ербол Еркебаевты өлтіруге әрекеттенді деп айыпталды. Ол танысы Максим Кузнецов арқылы қылмыскер жалдамақ болған. Ал Кузнецов оны бұрын сотталған досы Галиевке ұсынған. Галиев полицияға хабарлап, жалған қылмыс ұйымдастырылған. Сотта Ербол Еркебаев өзін жәбірленуші деп санамайтынын, Эльвираға шағымы жоқ екенін айтты. Эльвираның туыстары күйеуінің зорлық-зомбылық әрекеттері болғанын мәлімдеді. 

Талқылау