"Отбасы психологиялық көмектен бас тартты": Динара Зәкиева зорланған оқушы қыздардың жағдайы туралы пікір білдірді

Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Алматыда 13 жасар қызға қатысты жыныстық қылмыс дерегіне байланысты қоғамда резонанс тудырған іске пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәмелетке толмағандарға қатысты резонансты істерге байланысты Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Динара Закиева жағдайдың мән-жайын түсіндірді.
"Түсіп жатқан сауалдарға байланысты Алматы қаласы, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарындағы қыз балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы жасалған қылмыстар жөнінде мынаны хабарлаймын. Алматы қаласы бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында іс өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін бап бойынша сотқа жолданды. Алайда сот қарауы барысында іс қайта сараланып, осыған байланысты прокуратураға жүгіндік. Қазір ішкі істер министрлігімен, қыздың анасымен және адвокат Ләззат Ракишевамен байланыстамыз. Қыз бала қауіпсіз жерде, арнайы мекемеде", – деп жазды Динара Зәкиева.
Зәкиеваның айтуынша, психологиялық қолдау орталығы анасы мен қызды шақырып, олармен тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр.
“Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік уәкіл әкесімен байланыста. Отбасы психологиялық көмектен бас тартты. Соған қарамастан, өңірлік уәкіл тарапынан жеке жұмыс жүргізеді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр”, – деді Динара Зәкиева.
Ал Қостанай облысы бойынша істі қайта қозғау туралы прокуратураға өтініш жолданған.
“Адвокат хабардар етілді. Барлық аталған істер біздің бақылауымызда”, – дейді Динара Зәкиева.
- "Ақша ұсынып, қысым жасады": Кәмелетке толмаған қызын шенеунік зорлады деп айыптаған ер адам мәлімдеме жасады
-
"Бала босанған": Түркістан облысында туысының 16 жастағы қызын зорлаған 71 жастағы ер адам сотталды
Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 1 қыркүйекте Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің АИТВ жұқтырғаны туралы ақпарат тарағанымен, ресми органдар бұл дерекке нақты түсініктеме бермеді. Оқиға кезінде қыздың анасы жазасын өтеп жүрген. Оның айтуынша, баласының зорланғаны туралы оған алты ай бойы хабарланбаған және осы уақыт ішінде қызға психологиялық көмек көрсетілмеген. Сонымен қатар жәбірленушіге қысым жасалғаны айтылды, кейін ол сотта бастапқы жауабын өзгерткен.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты