“Отасқанымызға 2 жыл”: Арман Қоңырбаев Аша Матайға ерекше сыйлық жасады (фото)
Аша Матай отбасылық қуанышымен бөлісті. Ол отасқандарына 2 жыл толуына орай жары Арманның берген сыйлығын көрсетіп мақтанды, деп жазады Stan.kz.
Әдетте шоу-бизнес өкілдері мұндай күні жұбайларына әлемнің бар жақсысын сыйлауға тырысады. Құшақтарын гүлге толтырғаннан бөлек, қымбат әшекей, тіпті, көйлек, пәтер сынды дүниелер тартулайтын жұлдыздар көп. Енді бірі жұбайларын ертіп, әлемді аралап кетеді.
Ал Арман Қоңырбаев отбасылық мерекеде әріптестерінен өзгешеленіп, жары Аша Матайға ерекше сыйлық жасады. Арман нағыз Шымкенттің келініне екеуінің есімі жазылған астау (авт. ет салынатын ыдыс) сыйлады.
“Мерекеміз құтты болсын. Арманға рахмет. Келін үшін астау ең қажетті нәрсе”, – деп жазған Аша жарына деген ризашылығын білдірді.
Жіберіп алмаңыз:
Әділетсіз шешім: Жұрт жекпе-жекте жеңісті Дастанға берген қазыларды сынап тастады
Төреғалидің “майысып” би билеген видеосы жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Қытайда Димаштың домбырасы 1,8 миллион теңгеге сатылды
Ақсүйек және модель: Продюсері Төреғалидің жары Толқынды сипаттап берді