Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отаның көмегі болмады: Тахмина Әбішеванің дерті қайта асқынды

3 жастағы Тахмина Әбішева анасымен бірге Түркияға аттанды. Өкінішке қарай, оған аққан дертінен айықпаған деген диагноз қойылды.

Отаның көмегі болмады: Тахмина Әбішеванің дерті қайта асқынды

Айта кетейік, жаз айында Тахминаға ми сүйек кемігін транспланттау арқылы донорлық ота жасалған. Оған 8 айлық Амаль есімді сіңлісі донор болған еді.

“Донорлық торды орналастыру екі ретіне де 100 пайызық сәтті көрсеткішті анықтады. Отанға оралар алдында біз үшінші рет тест тапсырдық. Ол 15 күн ішінде дайын болды. Елімізге жеткенде көрсеткіштің 79 пайызға түскенін көрсетті. Бұл жақсы емес. 11 күннен соң Тахминаның арқасына герпес шықты. Біз бірден суреттер мен анализ қағаздарын Стамбұлға жібердік. Өкінішке қарай, дәрігерлер Тахминаның дерті қайта асқынғанын айтты”, – деп жазады анасы әлеуметтік желіде.

Бүлдіршінге тағы да химиялық терапия мен сүйек кемігін салдырып ота жасау қажет. Оның емі 57 мың доллар тұрады. “Дом милосердия” қайырымдылық үйі Тахминаның емі үші дереу қаражат жинап жатыр. 8 727 267 66 46 немесе 250 12 83 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.

Татьяна Семенова 87017835303

 

Талқылау