Отанға оралған қандастарымыз бір-бірімен жаға жыртысып, шу шығарып жатыр
Көкшетауда отанына оралған азаматтар бір-бірімен жаға жыртысып, шу шығарып жатыр. Даудың басы-баспана мәселесі. Бірнеше жыл бұрын Қытай мен Моңғолиядан көшіп келген қос отбасы оралмандарға салынған үйді бөлісе алмай келеді. Таластың ақыры төбелеске дейін барып, отбасы мүшелері бір-біріне қоқан-лоқы көрсетуді әдетке айналдырған көрінеді.
Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Гүлзира Рамазан Қазақстанға Қытайдан 2009 жылы жылы мемлекеттік «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында келген. Қолында алты жасар баласы бар. Бағдарламамен берген үйдің іші тым суық болғандықтан, осы маңдағы жетпістан асқан қарт анасы тұрып жатқан үш бөлмелі мына үйді паналап отыр. Айтуынша, үй иесі Өзбекстанға қайта көшетін болған соң, тастап кетіпті. Сөзіне сенсек, айрандай ұйып отырған жанұяның тыныштығын Мәуленгүл есімді әйел бұзған. Жеті баласымен үйіме кіріп алған оның баспанамды босатқысы жоқ,- дейді.
“Бүгінгі таңда маған тиісіп, қорқытып, қайнысын әкеп, мінекей ұрғызып, жұлғызып, солай не істеп отыр. Ұлыма ұлдары көзіне духи шашып, 21 күн мектепке бармады. Жарыққа қараса, көзі ашиды”, – дейді Гүлзира Рамазан.
Барар жері болмаған соң баспанамда уақытша тұруға рұқсат беріп, сау басыма сақина тілеп алдым дейді Гүлзира. Алайда, Мәуленгүлдің өз шындығы бар.
“Ағасының үйінде тұрдым ғой мен. Тұрғанда бұл кісі айтты ағам үйленейін деп жатыр үйді босат деп. Сосын мен күз ғой қайда барам дегенде 130шы үй бос тұр деді. Осы үйге көшіп келдім мен. Он бес күн тұрып, шықпай қойды деген өтірік сөз”, – дейді Мәуленгүл Тарбақ.
Даудың басы Мәуленгүл балаларына уақытша тіркеу алу үшін жергілікті әкімдікке барғанда басталса керек. Үйдің иесі жоқ деген әкімдіктегілер олардың бұл жерде тегін тұруларына рұқсат беріпті. Оны естіген Гүлзира қарт анасымен көшіп келіп, Мәуленгүлдің үйді босатуын талап еткен. Көршілердің айтуларынша, Гүлзира бұл үйлерді жалға беріп отырған көрінеді.
Жеті баласы бар Мәуленгүлге қайнысы көмектесіп жүр екен. Ал, екі отбасының дауы жақын уақытта шешілмейтін сияқты.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағандыда өзіне қол салған қызға интернеттегі досы жіпке қалай асылуды үйреткен (фото)
Қазақстандықтар ең жоғарғы зейнетақыға қалай қол жеткізе алады
Астанада көпқабатты үй тұрғындары есіктеріндегі белгілерден қорқып отыр
Ақтөбелік қызметкерлер 8 жылдан бері әжейге азаматтық бермей, қайта тұрмысқа шығу керектігін айтқан