Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отандық жұлдыздар латын әліпбиіне қатысты пікір білдірді (фото)

Қазақ əріптерінің жазылуы болашақта латынша нұсқада болмақ. Бұл ақпарат  бірін қуантса, енді бірінің төбесінен суық  су құйғандай шошытты. Елді шулатқан жаңалыққа қатысты жұлдызды пікірлер де екіге бөлінді. Stan.kz тілшісі мəн-жайдың ақ – қарасын білуге тырысты.

Без-имени-1

Бейбіт Қошқалиев, əнші:

Screenshot_2017-09-12-15-09-22-1

Жалпы, осы саланың маманы, тіл ғалымдары бар. Сол кісілерге сену керекпіз. Сырттан жүріп тон пішіп, даурыққанмен түк шықпайды деп ойлаймын. Олар еріккеннен немесе қазақ əріптерін, тілін ұмыт ету мақсатында жасап жатқан жоқ деп ойлаймын. Мен жалпы қарсы емеспін. Бір берекесі бар деп сенемін. Бізге, бізден кейінгі ұрпақ үшін ыңғайлы. Алайда, бізден үлкен аға-апаларымызға, əжелерімізге қиын болады. Оларға жаттап, оқып үйрену үшін уақыт  керек сияқты. Ал, қазақ əріптері ұмытылмайды деп сенемін. Ол əріптердің үстіне белгі қойылып, айрықшаланады деп ойлаймын.

Меруерт Мүсірəлі, əнші:

Screenshot_2017-09-12-15-10-27-1

Əрине, бұл жаңалықтан менің хабарым бар. Менің айтар ойым, пікірім бірдеңе өзгертуге себеп болса, əрине қуанар едім. Алайда, ол екіталай. Жеке өз пікіріме келер болсақ, мен латын таңбасын мүлдем қолдамаймын. Себебі, кезінде Ахмет Байтұрсынов атамыз маңдай тер төгіп, зерттеп, болашақ ұрпаққа бекер мұра ретінде қалдырмады.

Jado – дизайнер, продюсер:

Screenshot_2017-09-12-15-11-18-1

Қарсы емеспін. Себебі,  кирилл əріптерін əлем бойынша санаулы мемлекеттер ғана қолданады. Бір сөзбен айтқанда, болашағы жоқ секілді. Əлем  мойындаған əрі қолданыста жүрген латын əріптерін өз басым қолдаймын.

Өмірқұл Айниязов, əнші:

Screenshot_2017-09-12-15-13-38-1

Иə, бұл қазір қоғамдағы даулы мəселелердің бірі болып тұр ғой. Біз, яғни, орта буын көзіміз көріп, өзіміз жаттап өскен əліпбиге, əріптерге үйреніп қалғанбыз. Қазір бұл тақырып қозғалса мен əзілдеймін: “үлкен көнекөз қария, ақсақалдарымыз мен ескінің əліпбиін оқыдым. Көнеше жаза аламын дейді. Бірнеше дипломымыздың барына қарамастан бізде сондай шал боламыз – ау.  Мен орысша оқығанмын деп немере-шөберелерге ақталып отыратын шығармыз ” деп. Алайда, латын əріптеріне əбден біздің көзімізді үйретіп, көңілімізді көндіріп қойғандай. Өйткені, көшедегі барлық мекеме, сауда үйі, мейрамхана, жарнамалар барлығы латын əріптерімен жазылған. Өзіміз де қазір латын əріптерін қазақшалап оңай оқи алатын болдық. Меніңше, болашақ ұрпақ, жастар жаңа əріптерді тез меңгеріп кететін сияқты. Алайда, тек қазақ əліпбиіне тиісілі “қ, і, ү, ұ, ө, у,  ң” секілді əріптердің жағдайы не болмақ? Сол жағы маған сəл түсініксіздеу.

Ролан Қазретов,  “Меломен” тобының əншісі:

Screenshot_2017-09-12-15-12-28-1

Мен кез-келген саясаттың елге пайдалы екенін байқасам, сөзсіз қолдаймын. Бірақ, əліпбидегі ауыс – түйісті жөн санамаймын. Қазақ елі үшін аса пайдалы дүние сияқты емес. Себебі, ең бірінші латын əріптеріне ауысу үлкен шығынды талап етеді. Ал, біздің елімізде қаражатты талап ететін қаншама мəселелер бар. Сондықтан, бұл саясат меніңше, бекер ақша шашу жəне құр уақыт өлтіру деп білемін.

Нұрхан Қадырбаев, актер, асаба:

Қазақ əріпінің жазылуының латынша нұсқаға ауысуына өз басым қарсы емеспін. Өйткені, елбасымыз өзінің “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты “Егемен Қазақстанға” берген сұхбатында “біз келер ұрпаққа ұлттық кодты сақтап көрсету керекпіз ” деп  нақты көрсетті. Ұлттық код дегеніміз: ол біздің дініміз, тіліміз, діліміз, мəдениетіміз, дəстүріміз, сауатымыз, ұлттық көзқарасымыз. Енді соның ішіндегі бір саласы болып кететін латын қарпі бұл біздер үшін керек. Иə, біз орыс əріптерімен үйрендік. Оқыдық. Əліппені сонымен таныдық. Жаңа қаріптер бізге қиын болуы мүмкін. Алғашқы жазғанда қате жазуымыз мүмкін.  Бірақ, оған да түсіністікпен қарайды деп ойлаймын.  Дегенмен, бұл өзгеріс болашақ үшін керек. Өзіңіз ойлаңызшы, біздерде қазір мемлекеттік құжаттардың барлығы екі тілде жазылады. Қазақ жəне орыс тілінде. Ал, біздің мемлекетті мекендеп отырған барлық ұлт өкілдері үшін барлық құжаттар латын қарпінде толтырылатын болса, газет- журналдар шығатын болса, ең аяғы əлеуметтік желілерде пост жасайтын болсақ, демек біз ата-бабамыздың əліпбиін қайтадан жаңғырттық деген сөз. Сондықтан, осы бастаманы бастап отырған Н.Ə.Назарбаевқа алғысымның шексіз екенін айтқым келеді.

Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақ тілді көрерменге ренжіген Азамат Сатыбалды бұдан былай орысша фильм түсіретінін айтты

Айдана Меденова тұрмыста болса да өзін аңдып, артынан қалмайтын жігіттер туралы айтты (фото)

Тәуекел Мүсілім өзін ессіз ғашық еткен қырғыз аруы жайлы айтып берді (фото)

Ақбота Сейітмағамбет алғаш рет ата-анасының өлімі жайлы айтты (фото)

Талқылау