Отандық шоу-бизнесте басы дауға қалған жұлдыздар (фото)
Шоу-бизнесте даңқ пен дақпырттың салқыны тиіп, басы дауға қалған танымал жұлдыздар жетерлік. Солардың бірегейін еске түсіріп көрелік.
Көрнекі сурет
Осыдан бірнеше жыл бұрын спортшы жігітпен жұдырықтасқан әнші Бейбіт Қорған бар.
Ал Қайрат Түнтеков жол апатын жасап, соның салдарынан бірталай шығынға батқан болатын.
Ал, 2014 жылдың жаз айында “Дауыс International” тобының экс мүшесі Жадыра Құтпанова өзіне көпшіліктің назарын аударды. Ол көлікті ішімдікке тойып алып жүргізген. Тіпті, бойжеткен полиция қызметкерінің бірінің қолын тістеп, енді бірінің шалбарын жыртқан.
Жақында ел ішіндегі әңгімеге айналған өнер жұлдыздарының қатарына әнші Төреғали Төреәлі де қосылды. Шымкент қаласында кілем фабрикасында бір тілшінің жасаған ескертуі шамына қатты тисе керек, Төреғали сұхбат беруден бас тартады. Әншінің бұл әрекетін естіген әріптестерінің бірі оны қолдап жатса, енді бірі сынға алып жатты.
– “Біз бір робот сияқтымыз. Жүрегіміз жоқ, ойланбайтын, қиналмайтын, жағдайымыз жоқ адамдар сияқтымыз да, мұңсыз, қайғысыз, әр адамның көңіл-күйі болады”, – деп күйінеді Қыдырәлі Болманов.
Сахнада 40 жылдан астам уақыт өнер көрсеткен Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Майра Ілиясова бүгінгі жас өнер иелері сынды ерке мінезімізді сыртқа шығарып көрмеппіз дейді. Тіпті, танымал екенін әнші енді ғана сезініп жүргенін жеткізді.
– “Өзіміздің атақты екенімізді енді сезініп жатырмыз. СКЛ Астанадан қатты білінеді. Алматыда тұрғанан кейін күнде көріп жүрген сияқты. Ал, Астанада сыртыңнан жүгіріп келеді, сыртыңнан келіп құшақтайды”, – дейді әнші Майра Ілияосва.
Бір кездері атынан ат үркетін «Бауыржан – шоу» әзіл-сықақ театрының белді актрисасы Бақыт Әліпбаева жиі дау-дамай шығарып, «жұлдыз» атанып басына қонған бағын бағаламайтындарды еш түсіне алмайды екен.
– “Бізде ондай көкірек көтеру, тіпті жұлдыз болғанды да шынында айтсақ сезінген де жоқпыз”, – дейді «Бауыржан-шоу» сықақ театрының актрисасы Бақыт Әліпбаева.
Әнші Меруерт Түсіпбаева өнер жолында қазіргідей деңгейге жету үшін біраз қиындық көргенін де жасырмайды.
– “Не киіп шығамын деп жүретінбіз. Қалтамызда ақшамыз жоқ болатын”, – дейді Меруерт Түсіпбаева.
Шоу-бизнеске сәтті жобаларымен өзгеріс енгізген продюсер Қыдырәлі Болманов та өзін тым қарапайым ұстайтын болып шықты. 20 жылдан бері шаш үлгісін тек бір ғана шаштаразға жасататынын айтады.
Елдің сүйіспеншілігі мен сұранысына ие болып жүрген шоу-бизнес өкілдері үшін қасықтап жинаған абыройын шелектеп төгу оңай. Алайда, кейін өзіне адал атын қайтаруы әлдеқайда қиын екені жасырын емес.
Жіберіп алмаңыз:
Басы дауға қалған қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары
Қазақстандық жұлдыздар арасында жаңа сән: Prisma суреттер
Қазақстандық жұлдыздар өздерінің енелері туралы айтып берді
Тест: Қазақстандық жұлдыздарды күлкісінен тани аласыз ба
Қазақстандық жұлдыздардың ерекше хоббилері (фото, видео)