Отандық әнші Аша Матайды құттықтау үшін эфирге Халк образында кіріп келді (видео)
Әнші әрі актриса Джамба құрбысы Аша Матайдың туған күніне ерекше тосынсый жасап, қуантты. Ол атышулы “Қалаулым” бағдарламасы кезінде эфирге әйгілі құбыжық – Халктың образында шығып, би билеп берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Мұндайды күтпеген Аша қос қолымен бетін басып, қуанышын жасыра алмады. Ол құрбысына деген ризашылығын желі арқылы жеткізді.
“Мега позитивті жақын досыма көп рақмет! Күтпеген керемет тосынсый болды. Жақсы көремін”, – дейді Аша.
Айта кетейік, көпшілік Джамбаны Баян Мақсатқызының “Ғашық жүрек” кинофильмінен таниды. Естеріңізде болса, Джамба аталған картинада Мөлдір Әуелбекованың негізгі бақталасының рөлін сомдаған.
Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981
Жіберіп алмаңыз:
Жұлдыз Әбдікәрімова: Бұрын Қайратты айына 1-2 рет көретінмін
Қайнар Алагөзов Төреғалиді сынағандарға өлеңмен жауап берді
Дана Нұржігіт кезінде Төреғалиді таныту үшін жұмыс істегеніне өкінетінін айтты
Қарияны залдан қуғаннан кейін басы дауға қалған Төреғалиге әнші Бүркіт араша түсті