Отандық ұлттық компания Алматы облысындағы алма бақтарын 10 млрд теңгеге сатып жатыр
"Агрофирма НұрАгро" ЖШС Алматы облысындағы алма бақтарын бастапқы баға 10 068 167 076 теңгеге сатылымға шығарылды. Лот e-qazyna сайтында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: E-auction.e-qazyna.kz
Агрокәсіпорынның құрылтайшысы – түгелдей Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ.
Сондай-ақ алма бақтарымен бірге Mitsubishi Pajero көлігін, ауылшаруашылық техникасын, көкөніс сақтайтын қойманы да сатып жатыр. Сатылымға шығарға жердің жалпы аумағы – 1460 гектар. Аукцион бағаны төмендету мақсатында 28 қаңтардан бастап өткізіледі.
2022 жылы “Азық-түлік корпорациясы” алма бақтары консорциумына инвестор іздеп жатқан еді.
Былтыр күзде Алматыдағы алма бақтарының иелері араша сұрап, мемлекет басшысы Тоқаевтан көмек сұраған еді. Прокуратура алма ағаштары өсетін жерді жер учаскесіне меншік құқығы жарамсыз деп тану туралы арыз түсірді.
Бұған дейін Алматыдағы алма бақтарына қатысты дау жүздеген гектар жердің мемлекетке қайтарылады шешіліп, аяқталған еді.