Бір апта бұрын Шымкентте жоғалған әйел өлі күйінде табылды
3 мамыр күні 1983 жылғы Ольга Новикованың күйеуі полицияға әйелінің жоғалғанын екі күн өткен соң хабарлаған еді. Жоғалған әйел өлі күйінде табылды.

Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.
«11 мамыр күні әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері іздеу нәтижесінде жалдамалы пәтердің біріннен өлі күйінде әйел адамның денесін тапты. Полицейлер ол әйелдің Ольга Новикова екенін таныған», – делінген хабарламада.
Тексеріс нәтижесінде, оның денесінде күштеп өлтіру белгілері байқалмаған.
Сот-медициналық сарапмата тағайындалып, қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жіберіп алмаңыз:
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады