Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Остон Мэттьюс НХЛ-дің ең көп табыс табатын ойыншысы атанды

Фото: Getty Images

Forbes басылымы 2025/26 маусымындағы НХЛ ойыншыларының табыс рейтингін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Рейтингтің көшін екінші жыл қатарынан "Торонто Мэйпл Лифс" шабуылшысы Остон Мэттьюс бастады.

Спортшының жалпы табысы 20,2 миллион долларды құрайды, оның ішінде 15,2 миллионы — келісімшарт бойынша, ал қалған 5 миллионы — жарнамалық және демеушілік келісімдерден түскен.

Мэттьюстен кейінгі орындарды "Колорадо" хоккейшісі Нэтан Маккиннон (19,1 млн) және "Эдмонтон" форварды Леон Драйзайтль (19 млн) иеленді. Төртінші орында "Вегас" ойыншысы Митч Марнер (17 млн), ал үздік бестікті Коннор Макдэвид (16,5 млн) түйіндеді.

"Рейнджерс" қақпашысы Игорь Шестеркин 15,9 миллион доллармен алтыншы орынға жайғасса, Сидни Кросби ("Питтсбург"), Микко Рантанен ("Даллас"), Элиас Петтерссон ("Ванкувер") және Давид Пастрняк ("Бостон") үздік ондыққа енді.

Алаңнан тыс табыс бойынша рейтингті Коннор Макдэвид (6,5 млн) бастайды. Одан кейін Сидни Кросби (5,5 млн), сондай-ақ Остон Мэттьюс пен Александр Овечкин (екеуі де 5 млн) орналасқан.

Forbes мәліметінше, есепке ойыншылардың келісімшарттағы негізгі жалақысы мен бонус төлемдерімен қатар, жарнамалық табыс пен жеке бизнес жобаларынан түсетін пайда да енгізілген.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 23:54
Талқылау