Өскеменді сары және қызғылт түсті қар жауған: Экологтар мұның себебін түсіндірді
Фото: Видеодан скрин
Өскеменде сары қар жауып, бірнеше аудан тұрғындары табиғи құбылыстың әдеттен тыс көрінісіне таңданысын білдірді. Ал экологтар бұл жағдайдың ықтимал себебін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпарат әлеуметтік желіде тараған соң, Шығыс Қазақстан облысы Экология департаментінің мамандары оқиға орнына барып, қардан сынама алған.
Тұрғындардың айтуынша, бұл құбылыс Глубокое, Ушанов, Степное, Белоусовка, Предгорное, Верхнеберезовское, Первомайское ауылдарында және Риддер қаласында да байқалған. Ал Верх-Убе мен Мирный кентінде қар тіпті қызғылт түске енген.
Сәтбаев қаласында ақ ұлпа қардың қара түске боялуына не себеп екені айтылды
“Ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген мөлшерінен асу фактілері анықталған жоқ. Мәліметке сәйкес, қар түсінің өзгеруі ауа ағындары арқылы тасымалданған шаң мен құм бөлшектерінің түсуімен байланысты. “Қазгидромет” РМК мәліметінше, 10–11 қаңтар күндері қалада секундына 15–20 метрге дейін солтүстік-батыс желі соғып, қалқып жүрген бөлшектердің қар жамылғысына шөгуіне әсер еткен болуы мүмкін”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында ақ ұлпа қар қара түске боялғаны хабарланған еді. Тұрғындар мұндай жағдай жергілікті қазандықтың мұржасынан шыққан күйенің кесірінен болып отыр деген еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты