Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде жол жөндеу кезінде көліктер битумға батып қалған

Өскеменде көліктерге зақым келгенФото: сюжет кадрларынан скрин

Өскеменде коммуналдық қызмет жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жолға жабысқақ битум төккен. Кейін жаңбыр жауғандықтан жұмысты тоқтатып еш белгі қоймай кетіп қалған. Қазір сол жолмен жүріп, көлік дөңгелектеріне зақым келген жүргізушілер шағымданып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кейін жағдайды жүргізушілер өздері видеоға түсіріп таратты. Олардың көліктерінің дөңгелектері битумға оранып, қозғалысты тоқтатуға мәжбүр болған. Кейбір машиналардың кузовына да қара жабысқақ зат тиіп, зақым келтірген. Жүргізушілер жолда ескерту белгілері мүлде болмағанын айтып, наразылық білдірді. Алайда шенеуніктер бұл ақпаратты жоққа шығарды.

“Битумның төгіліп, көлік дөңгелектеріне және кузов элементтеріне жабысуына байланысты жүргізушілер тарапынан шағымдар түсті. Барлық шағымдар мердігер ұйым мен жүргізушілер арасында оқиға орнында шешілді. Айта кету керек, жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақта арнайы ескерту белгілері орнатылған”, – деді Өскемен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.



Жөндеу жұмыстары ауа райы жақсарған соң қайта жалғасатынын мәлімдеді. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 11:46
Талқылау
`