Өскеменде автобуста қыздарға тиіскен ер адамды тұрғындардың өзі жазалады

Өскеменде қоғамдық көлікте жолаушы кәмелетке толмаған қыздарға тиіскен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Halyqstan Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Арна мәліметінше, қыздар ер адамның әрекетінен кейін қауіпсіздік мақсатында өз аялдамасына жетпей, автобустан ерте түсуге мәжбүр болған.
Оқиғаға басқа бір жолаушы – жас жігіт араласып, айналасындағылардың назарын аударып, күдікті азаматты айыптай бастаған. Екеуінің арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласуға шақ қалған. Куәгерлердің сөзінше, жас жігіт ер адамды бірнеше рет ұрған.
Кондуктор жанжалдың ушығуына жол бермеуге тырысып, жағдайды бақылауда ұстаған.
Таразда аялдамада қызды алып қашуға жол бермеген ер адам марапатталды
Астанада белгісіз ер адам 8 жасар қызды ұрлап кетпек болған
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бұл оқиға туралы хабардар екенін мәлімдеді.
“Қазірг полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар тұлғалардың жеке басын анықтау және барлық мән-жайды тексеру бойынша шаралар қабылдап жатыр”, – деп хабарлады.
Айта кетейік, бұған дейін жол ақысын төлемеген қазақстандық оқушыны аязда автобустан шығарып жібергені хабарланған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған