Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мейрамханада мерекелік кешке жиналған бір топ адамнан ішек инфекциясы анықталды

Фото: Pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында мейрамханалардың бірінде мерекелік шарадан кейін жедел ішек инфекциясының топтық жағдайы тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yk-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

29 шілдедегі мәлімет бойынша зардап шеккендерде жедел гастроэнтеритке тән белгілер бар. Яғни жүрек айнуы, құсу, дене қызуының көтерілуі, іштің ауыруы және сұйық нәжіс байқалыпты. Бірнеше адам ауруханаға жатқызылды, қалғандары амбулаторлық емделуде жатыр.

Мамандар эпидемиологиялық тексеру жұмыстарын бастады, тағамнан, судан және т.б. үлгілер алынды. Науқастар мен олармен байланыста болғандар арасында зерттеулер ұйымдастырылды.


СҚО-да бір отбасының тұшпарадан улануы: Медбике екі жылға бас бостандығынан айырылды


"Тістері қарайып, шаштары түсе бастады": Балабақшадан тамақтанған 70-тен астам бала қорғасыннан уланып қалды


Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ауруханаға жатқызылғандардың көпшілігінің жағдайы орташа ауыр, өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Науқастар қажетті ем алып жатыр, оң динамика байқалады. Амбулаторлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, олар дәрігерлердің бақылауында.

Еске салайық, Павлодарда қыз ұзатуға барған 30-дан астам адам уланып қалғаны туралы хабарлаған едік. Бұл уланғандардың қатарына келесі күні сол мекемеде өткен екінші мерекенің қонақтары да қосылды. Ол жерден 10 маусымда 7 адам жүгінген. Олардың бесеуі бөлімге орналастырылып, екеуі емделуге үйге жіберілді.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 29 Шілде, 2025 17:45
Талқылау
`