Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мас әйел әскери жасаққа пышақпен шабуыл жасады

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімнің үш адамдық жасағына мас әйел бәкімен шабуыл жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Виктор Маслов, Қазыбек Түйтен және Мирас Балтабеков үштігінен құрылған патрульдік жасақ Өскемен қаласының «Защита» ауданында қоғамдық қауіпсіздік күзетінде жүрген. Осы кезде 30 жас шамасындағы белгісіз әйел оларға пышақ ала жүгірген.

«Мұның бәрі аяқ астынан болды. Басында оның әрекеттерін түсініп үлгермедік. Өзімізді таныстырып, хал-жағдайын сұрап тұрғанымызда ол пышақ  ала жүгірді. Бәкінің ұшы әскери киімімді тесіп кетті.

Осыдан кейін қасымдағы сарбаздарға оны ұстауды бұйырдым. Оны шалып құлатып, суық қаруын тартып алдық» – дейді Виктор Маслов.

Әскери жасаққа шабуылдаған әйелдің С.О. Ильченко деген азаматша екені белгілі болған. Ол бұған дейін террорлық акт туралы жалған ақпарат бергені үшін және ұсақ алаяқтық үшін екі рет сотталған екен.

Наркологиялық тексеру барысында әйелдің орташа деңгейде мас екенін анықталды.

«Мұндай сәтте оқиғаны дұрыс бағалай білу керек. Нәзік жанды екен деп, сақтықты жоғалтуға болмайды. Қолында суық қаруы бар адамның бәрі қоғам үшін қауіпті.

Біздің жасақ сол қауіпті өздеріне қабылдап, мас әйелді дер кезінде тынышталдырды» – дейді №5518 әскери бөлімнің батальон командирінің орынбасары Нұрлан Бәшенов.

С.О. Ильченко Үлбі полиция бөліміне табысталды.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтар GetContact қосымшасының салдарынан қандай қиындықтарға тап болар еді?

Экс-депутат Әблязовтың зәулім сарайын көрсетті (видео)

Петропавл тұрғындары қала автобустарында жолақы төлеуден толықтай бас тартпақшы

GetContact-ке кірген деректер желіде тарап кетті

Талқылау