Өскеменде ер адам Үлбі өзені үстіндегі көпірден секіріп кетпекші болды (видео)
Өскеменде ер адам аспалы көпірдің үстіне шығып, өмірімен қош айтыспақ болған.

Бұл туралы Өскемен Жаңалықтары хабарлайды.
Кеше кешкілік полицейлер Үлбі өзені үстіндегі көпірді Крылов көшесі тарапынан қоршауға алған.
“102” шұғыл нөміріне ер адамның көпір үстінен секіріп кетуге шақ тұрғаны туралы хабар келіп түседі. Оқиға орынына жедел жеткен полицейлер көпір үстіндегі көлік қозғалысын тоқтатады.
Оқиға орынына тек тәртіп сақшылары ғана емес, психолог, төтенше жағдайлар қызметі мамандары да келіп, 33 жастағы тұрғында төменге қарай секірмеуге үгіттеген.
“Қазіргі таңда ер адамның мұндай қадамға неліктен бармақшы болғаны тексерілуде”, – деп хабарлады ТЖБ баспасөз қызметі.
Полицейлер өзін өлімге итермелеген ер адамның сау күйде болғанын айтып отыр.
Оқи отырыңыз:
Астанада “жемқорлыққа қарсы” автобустар шығады
Атақты айтыскер Дәулеткерей Кәпұлы мен Мұхамеджан Тазабеков әлеуметтік желіде айтысып қалды
Жаңа босанған әйелдің өлімі үшін елордалық акушер-гинекологтар істі болып жатыр
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік