Өскеменде су желісінде екі апат болып, 2000 астам тұрғын сусыз қалды
Фото: “Өскемен Водоканал” кәсіпорны
Өскеменде су желісінде екі жерден апат болып, салдарынан 2 мыңнан астам тұрғын сусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі YK.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
18 қаңтар күні таңертең Мирный кентіндегі Беспалов көшесінде және Қарбышев, 28 мекенжайы маңында екі су желісінде жарылыс болды .Жұмысшылар 30 градус аязда су құбырындағы ақауды жойып жатыр.
Апат салдарынан көпқабатты тұрғын үйлер, жеке үйлер мен мектептерде су тоқтатылды.
“Сағат 10:30-дан бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін алты көпқабатты тұрғын үйде (932 тұрғын), 805 жеке үйде (1338 тұрғын) және №26 мектепте су уақытша өшірілді. Барлық жұмысшылар оқиға орнында апаттарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр”, – деп мәлімдеді “Өскемен Водоканал” кәсіпорны.
Компанияның мәлімдеуінше, апат болған жерге жақын орналасқан тұрғын үйлердің жоғарғы қабатында қысым жоқ. Өйткені жүйе сақина тәрізді байланыстырылған.
Тұрғындарға су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылған. Тапсырыс 531661, 87052067916 нөмірі бойынша, тәулік бойы қабылданады.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты