Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде анасы ұлын құтқару үшін Ертіс өзеніне секірді

Анасы Ертіс өзеніне құлап кеткен баласын құтқармақ болды.

Төтенше жағдайлар қызметінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, жұма күні күндіз әйел мен баласы өзен суына құлап кеткен. Қуанышқа орай, жақын жерде қалалық өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Виталий Бақтыбаев болған. Ол ана мен баланы құтқару үшін өзенге секірген. Электроммонтер Ернар Қадылбеков пен әріптесі Айдын Төртай көмекке ұмтылады. Қадылбеков балаға жасанды дем беріп, өмірін құтқарып қалады.

Облыстық департаменттің бөлім жетекшісі зардап шегушілерді жағаға шығаруға көмектескен. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем қызметін шақыртқан.

Виталий Бактыбаевтың бір жыл бұрын да Ертіс өзеніне секіріп өзіне қол салмақ болған қызды да құтқарып қалған. Ол кездейсоқ өтіп бара жатқан. Бойжеткенмен сөйлесіп, оны райынан қайтарыпты.

Тағы оқыңыз: 

Әкесін өлтірген қостанайлық бойжеткен сот залынан босатылды

Енесін өлтіріп сотталған: Әкімдіктегілер үш күн бойы көшеде түнеген әйелдің тағдырын баяндады

Аңқау елге арамза молда: Алматы облысында имам сотталды

Талқылау