Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде Абай Құнанбаевтың әлемдегі ең үлкен бейнесі пайда болды

Өскеменде Абай Құнанбаевтың әлемдегі ең үлкен бейнесі пайда болды. Алып граффити-портрет ұлы ақынның есімі берілген көшедегі көп қабатты үйдің қабырғасына салынған екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Алып портретті салған алматылық суретшілердің айтуынша, ақынның келбетін бейнелеу үшін үш апта бойы тер төгуге тура келген. Бұған, әсіресе, күрт өзгерген ауа-райының қолайсыздығы бөгет жасаған екен. Десе де, өнерпаздар Абайдың бейнесін шебер жасап шыққан. Тоғыз қабатты үйдің қабырғасындағы туындыда ағартушының «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінен үзінді де бар. Жоба авторлары алып портрет кем дегенде жеті жыл сақталып, қала тұрғындары мен қонақтарының көзайымына айналатынына сенеді. Ал граффити-порттертке жергілікті демеушілер ақша бөліпті. Суретшілер енді шаһарда стрит-арт стилінде жаңа туындыларды салуға ниет білдіріп отыр.

«Қазақтың ең ұлы ағартушы ақыны болғандықтан Абай Құнанбаевты салуға кірістік. Өте биіктікте салу оңай емес. Себебі, соңғы кездері Өскемен қаласында ауа-райы сәл бұзылып кетті. Жаңбырлар қатты жауды, жел де қатты тұрды. Жалпы жұмыс уақыты үш аптаны алды», – дейді суретші Айбек Нұрбеков.

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайлық мұғалім “ақылды киіз үй” ойлап тапты

Шымкентте полиция қызметкері қыздың ішінен ұрып тастады (видео)

Демалыс күндері Алматыда қай көшелердің жабылатыны белгілі болды

Алматыда еліміздің тұңғыш үкімет басшысы Ұзақбай Қарамановты ақтық сапарға шығарып салды

Талқылау