Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде автобус аялдамасында 78-жастағы зейнеткер кенеттен көз жұмды

Өскеменде автобус аялдамасында қарт кісі көз жұмды. Хабарламаға сәйкес, 17 мамыр күні түстен кейін 102 бөліміне жедел жәрдем бригадасынан қоғамдық көлік аялдамасында тіршілік белгілері жоқ ер адамның жатқаны тура хабарлама келген. Бұл туралы Tengrinews.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Өскеменде 78-жастағы зейнеткер автобус аялдамасында көз жұмды

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері аялдамада тұрған зейнеткердің жағдайы аяқ асты нашарлап, соның салдарынан құлап қалғанын анықтады.

«Зейнеткердің құлап қалғанын көрген жолаушылар бірден жедел жәрдем шақырған. Хабар алған дәрігерлер оқиға орнына тез жетті. Алайда, дәрігерлер аяқ асты құлап қалған ер адамды құтқара алмады. 78 жастағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болды. Оқиға Абай даңғылы бойында, «Тамирлан» сауда үйіне қарама-қарсы аялдамада орын алды»,- делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз:

«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы ағымдағы жылдың шілдесінде жүзеге асырылмақшы

Дариға Назарбаева мұғалімдер мен дәрігерлер үшін жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

Shazam бағдарламасына қазақ әндері енгізілуі мүмкін

Қыздың құны: Қазақстанда қалың мал бағасы қанша теңгеден басталады

 

Талқылау