Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Желіде "ЛГБТ өкілісің" деп жазған қызылордалық әйел 73 мың теңге айыппұл арқалады

Өскемен соты бұдан бір жыл бұрын әлеуметтік желіде балағат пікір қалдырған Шиелінің ауылының тумасына сот үкімін шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Время" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: thevoicemag.ru

Мәліметтерге сенсек, Қызылорда облысы Шиелі ауылының 27 жастағы тұрғыны әлеуметтік желіде боғауыз сөздерді қатемен, әдейі әріптерін тастап жазса да, жаза арқалады. 

Әйел желіден "Өскемен тұрғыны таныс қызын подъезде аяусыз соққыға жыққаны туралы" оқиғаны оқыпты. Бұл туралы жәбірленуші өзі БАҚ-қа баяндаған. Сөйтіп артынша ауыл тұрғыны жағдайға қатты әсерленіп, болжамды агрессорды әлеуметтік желілерден тауып, оған бейәдеп сөздер жазған. Айтқан сөздерінің ішінде боғауыз сөздер қатемен жазылған.

Бірінші жағдайда әйел оған боғауыз сөз жазса, екінші жағдайда бейтаныс адамды “ЛГБТ өкілі” деп атаған.

Өскемен тұрғынының неліктен ұзақ уақыт өткеннен кейін оны жауапқа тартуға бел буғаны белгісіз. Боғауыз сөздердегі қатеге қарамастан, сарапшылар оларды оңай танып, хабарламаларда "адресаттың ар-намысын қорлайтын белгілер бар" деген қорытындыға келген.

"Бірінші инстанциядағы сот ауыл тұрғынын Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша кінәлі деп тауып, 73 840 теңге айыппұл салды. Бұдан бөлек, ол миллион теңгеден астам қаражат төлеуге мәжбүр болды. Оның көп бөлігі — сот шығындары", – делінген хабарламада.

Алайда әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті. Себебі апелляциялық сотта іс қаралып жатқанда, қылмыстық жауапкершіліктің мерзімі өтіп кеткен еді.



Еске салайық, бұған дейін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте заңгер Лера Абдулхаирова еш дәлелсіз жағымсыз пікір жазған қазақстандықтарға сотқа шақырту жіберілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Заңгер сұлулық салонында қасын жасатамын деп күйік шалған қыздың оқиғасын мысалға келтірді. Ол 2GIS-те жағымсыз пікір қалдырғанда салондағы мамандар ар-намысты қорғау туралы сотқа шағым түсіреміз деп қорқытқан. Заңгердің сөзінше, ол қызға салонның бұған құқығы бар екенін айтқан. 

Талқылау