Өскемен қаласының әкімі 6 жылдан соң қызметінен кетті
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қызметінен кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы экс-әкім өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Жақсылық Омар "өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты" қызметінен кеткен.
Өскемен қаласын 6 жыл бойы басқарған әкім өзіне сенім артқан ел басшылығы мен қала тұрғындарына алғыс айтты.
-
"Қазақстанның халық әртісі" атағын көздеп жүрген сияқты": Өскемен қаласының әкімі тұрғындарға ән шырқап берді (видео)
-
Өскемен әкімі пара алғаны үшін сотталған экс-шенеунікке медаль таққан
Жақсылық Омар Өскемен қаласын 2018 жылдың тамыз айынан бері басқарып келді.
Еске салсақ, бұған дейін Өскемен әкімдігі қала туралы фотоальбом шығаруға 18 миллион теңгеден астам қаржы жұмсағаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды