Өрттен беті күйіген бала Казнетті дүр сілкіндірді: адамдар отасына ақша жинауда
Қазақстандықтар өрттен жапа шеккен 4 жасар Бақтияр Синдровтың отасына ақша жинап жатыр. Бұл туралы Facebook еріктілері хабарлады.
Фото: Facebook/Ольга Рябева
Ерікті Ольга Рябеваның айтуынша, Бақтиярдың туылғанына бірнеше ай болғанда, ол жатқан бесік пештің үстіне түсіп өртенген.
“Алыс ауылда кішкентай бала болған… өте кішкентай… өмір сүріп үлгерген жоқ (бірнеше ай ғана). Ол сұмдық оқиғаға тап болады. Өл өртенді, беті күйді, басы, мойыны және иығы күйді. Бала тірі қалды. Қазір ол суреттегідей жағдайда. Оған қарап тұрудың өзі мүмкін емес”, де жазған ерікті.Бақтияр балабақшаға бармайды, басқа балалармен ойнай алмайды. Одан бәрі қорқады. Дала басын көрпемен жауып шығады.“Ол кәдімгі бала. Қазір ол өзінде бірдеңе дұрыс емес екенін түсінді. Терісі көзі мен мұрынына дейін өзіп жатыр. Оның тыныс алуы қиындап бара жатыр. Көзін жұма алмайды. Күн өткен сайын ауруы асқынып бара жатыр. Бақтиярдың отбасы кедей тұрады. Барлығы ақшаға байланысты”, -дейді ерікті.
Фото: Facebook/Ольга Рябева
Балаға танымал Үнді клиникасы ота жасауға дайын.
“Біз барлық шығындарды есептедік. Отаның алғашқы кезеңіне шамамен 21 мың доллар кетеді. Ал, тамақ, тұратын баспана, виза мен билетке – 5 мың доллар қажет. Үндістанда ота жасау уақыты 2,5 айға созылады. Бақтиярға мұрын, қас пен құлақ керек. Бұл алғашқы отасы. Қалғандарын дәрігерлер тексергеннен кейін қарайды”, – дейді Рябева.
Фото: Facebook/Ольга Рябева
Еріктілердің айтуынша, Бақтиярдың ота жасатуға баруы үшін 9 100 000 теңге (26 000 доллар) қажет болды. Қазақстандықтар осы сомадан 2 күн бұрын 14 мың доллар жинады.
“Бақтиярға мұның бәрі кеше керек болды. Бірақ ештеңе түсінбеген шығар. Ол денесінің ауырғаны қаша қоятынын күтіп жүр. Кінәлілерді іздеп қажеті жоқ. Өткенді қайтара алмаймыз. Бала тірі. Тозақта өмір сүріп жатыр. Біздің міндетіміз – оның балалық шағы мен өмірін қайтару…”, -деп жазған Ольга Рябева.
Бақтиярға көмек жинау үшін реквизиттер:
Kaspi Gold: 5169 4931 3557 6109 Olga Alexandrova
Каз Ком: 5578 3427 2659 9209 Olga Alexsandrova
Каз Ком VISA: 4003 0327 1918 5037 Olga Ryabeva
Киви: 87772400200
Pay Pal: [email protected]