Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының соңғы қорытындысын жариялады: Партиялар қанша мандат алады
Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен Мәжіліс сайлауының соңғы қорытындысын жариялады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ОСК мәліметінше сайлауда Amanat партиясы ең көп дауыс жинаған. Amanat партиясына барлығы 3 431 510 сайлаушы (53,9%)дауыс берді. Ал 5%-дық шектен аса алмағаны үшін "Байтақ" партиясы мандат ала алмайды. Мәжіліске өткен партиялар үлесі келесідей:
- "Ауыл" партиясы – 10,9%;
- Respublika партиясы – 8,59%;
- Қазақстан халық партиясы –6,8%;
- "Ақ жол" партиясы – 8,41%;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,2%
- "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,3%;
- "Бәріне қарсымын" тармағы – 3,9%.
Ал мандаттар былай бөлінеді:
- Amanat партиясы – 40;
- "Ауыл" партиясы – 8;
- Respublika партиясы – 6;
- Қазақстан халық партиясы – 5;
- "Ақ жол" партиясы – 6;
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"