"Ортақ шешімге келдік": Сейфуллин Жолбарыс жеке өміріне қатысты жазба жариялады
Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші жары Екатеринамен ажырасып кеткенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/s_zholbarys_official/
Өнер иесі жеке өміріне қатысты сұрақтың нүктесін қойды.
"Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақ қоймауын сұраймыз", – деп жазды әнші.
-
"Анам – әкемнің төртінші әйелі": Сейфуллин Жолбарыс алғаш рет отбасы мен екінші жары туралы айтты
-
Сейфуллин Жолбарыс: "Хафиз" күйі төрт айлығында шетінеп кеткен ұлыма арналған"
Еске салайық, әншінің екінші жары өзінен 15 жас кіші еді.
“Біз танысқанда ол кісі бұрынғы отбасымен ажыраспаған еді. Маған көңілін білдіргенде мен бірден: “отбасылы адамсыз, мен сіздің әйеліңіз бен балаларды біле тұра, аттап кетуге намысым жібермейді” дедім. Бірақ ол кісі сол кезде-ақ отбасымен ренжісіп, қарым-қатынастары дұрыс болмай жүр екен. Сен жолықпағанда да мен онымен ажырасатын едім. Біздің арамызда ештеңе жоқ. Сезім суып, көңіліміз қалды. Оның іздегені басқа әлем, менікі басқа. Екі әлемде өмір сүріп, бір отбасы болып тұра алмаймыз” деді. Содан кейін бұл тақырыпты қозғамадық. Өйткені Сейфуллиннің айтқысы келмейтін тақырыптың бірі”, – деген еді Екатерина.
Еске салайық, әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарысқа не үшін ренжіп жүргенін жазған едік.