"Өркениетті автокөлік нарығының жарқын мысалы": Carcity сауда орталығы кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін таптырмас орын
Деректерге сай соңғы уақытта елімізде көліктер саны артқан. Олардың басым бөлігі Алматы қаласы мен облысында. Осындай көлік қозғалысы көп мегаполистегі сұранысқа ие автобазалардың бірі – Carcity сауда орталығы. Мұндағы барлық сатушылар тауардың сапасына жауап беріп, әрбір зат үшін чек беріп салық төлейді. Ал қызметкерлер мен кәсіпкерлер бұл жерді еңбек етуге таптырмас орын деп санайды.

Орталық Азиядағы ең ірі оффлайн сауда орталығы "Carcity"-де үш мыңға жуық адам жұмыс істейді. Сауда базасы жыл сайын “Қазақстандағы ең жақсы автобөлшектер дүкені" ретінде жүлделерді де жеңіп жүр. Орталықтың іргелес аумағында көліктерге техникалық қызмет көрсетудің кең спектрі бар бірқатар техникалық қызмет көрсету станциялары орналасқан. Бұл орын автокөлік иелері үшін ең таптырмас орын.
Carcity бас директоры Арман Абдукаримов мұнда кәсіпкерлер өзара міндеттемелерді белгілейтін типтік шартқа отырып, санитарлық талаптар, жұмыс кестесі, контрафактілік өнімді сатуға тыйым салу, қолма-қол ақшаның болуы, есеп беретін барлық құжаттар, уақытылы аударымдар сияқты міндеттерді орындайтынын алға тартты.
Қиындық арқылы биікке жету
Аида Тілеуғабылова – кәсіппен айналысатын әйелдер үшін жарқын үлгі. Ол Carcity орталық ашылғаннан бері жұмыс істеп келеді. Кезінде ол жұмыс істеген компания директоры қаржылық дағдарыстан кейін ақшаны алып, белгісіз жаққа қашып кеткен. Осылайша Аидаға түрлі қиындықты өзі шешуіне тура келген.
"Осылайша инвесторлар алдындағы барлық қаржылық міндеттемелер менің мойныма артылды. Қиындықты жеңу үшін жаңбырда лай төгіліп жатқанда резеңке етікпен базарда көлік бөлшектерін саудалағаным әлі есімде. Барлығына тіпті автобусқа отыруға да үнемдеп, 3-4 сағат ұйықтаған кездерім де болған еді”, – деп еске алады кәсіпкер.

Аида 65 000 теңге қарыз алып, дилерлерден мотор майларын сата бастаған. Өнімге деген сұранысты көріп, сауданың қыр-сырын түсінген. Кейін ісі алға жылжып алғашқы бутигін, кейін екінші, үшіншісін ашып үлгерген. Қазір ол жеті бутиктің иесі, олардың барлығы Carcity-де орналасқан.
"Бутиктерімді базарда ашуды да жоспарлаған едім. Алайда жылдар бойы үйреніп қалған қолайлы жағдай мен тәртіптен кейін осыннан-ақ кәсібімді дамытуды ұйғардым", - деп қосты ол.
Сапалы тауар сұраныста
Дәл осы сауда орталығында кәсіпкер Азиз Бақтияров 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол мұнда досымен бірге жеке кәсіп ашқан.
"Біз автомобиль шамдарын сатып, көтерме және бөлшек саудамен айналысамыз. Қазір бізде үлкен клиенттік база және бүкіл Қазақстан бойынша сауда нүктелері бар. Ал негізгі бутигіміз Carcity-де орналасқан. Әрине, дамып, өз орныныңды табу кезінде қиындықтар да болды. Басымдылығымыз сапалы өнімде. Біз әлемдік брендтермен жұмыс істейміз", - деді ол.

Азиз онлайн-сауданы белсенді түрде дамытып, тауарлар туралы ақпаратты базарларда, әлеуметтік желілерде орналастырған. Бүгінде ол халықаралық көрмелерге қатысып, ағылшын тілін үйреніп, автомобиль нарығына шетелдік инвесторларды тартуды жоспарлап отыр.
"Carcity сияқты сауда орталықтары өркениетті автокөлік нарығының жарқын мысалы. Мысалы, базарда көп жағдайда түпнұсқа қосалқы бөлшектерді табу мүмкін емес. Өйткені жаппай сұраныс жоқ. Ал мұнда әлемнің жетекші брендтерінің қосалқы бөлшектері мен аксессуарларының кең ассортименті жетерлік. Барлық ірі компаниялардың ең алдымен осындай орталықтарды іздейтіні тегін емес", - деді ол.
Тәртіп бар жерде кәсібін дөңгелетіп отырған Азиз Carcity сауда алаңының әкімшілігі жалға алушыларға қатаң талаптар қоятынын да алға тартты. Айтуынша мұнда бәрі ресми, құжаттар реттелген және жалған ақша жасауға толық тыйым салынған. Мұның бәрі жергілікті сатушылардың шетелдік серіктестер алдындағы сенімділік мәртебесін көтереді екен.
Carcity сауда орталығы кәсіпкерлерге жаңа онлайн сервис ашты. Енді жалға алушы мен сауда орталығы арасында жеке кабинет жұмыс істейді. Мұнда жалға алушылар ай сайын барлық қажетті қаржылық құжаттаманы тапсырады. Бұл кәсіпкерлердің біраз уақытын үнемдейді.
Сондай-ақ, жақында carcity.kz ресми сайтында жергілікті хабарландыру тақтасы пайда болды. Сайтқа кез келген жалға алушы өз өнімі туралы ақпаратты тегін жариялай алады.
"Ең бастысы тұрақтылық"
Carcity компаниясы құрылғаннан бері жұмыс істеп келе жатқандардың бір – Галина Архипова. Білімі бойынша инженер-энергетик "KEGOC" АҚ-да 30 жыл жұмыс істеген. Автокөлік бөлшектеріне де қатысы жоқ ол өзін тамақтандыру саласынан көремін деп ойламаған екен.

"Алғашында қиын болды. Бірақ қазір бәрі артта қалды. Бүгінгі күні біздің ұйымшыл ұжымда 18 адам бар. Көпшілігі 12-14 жылдан бері жұмыс істейді және тұрақтылықты қалайды. Қызметкерлер декреттік демалысқа шығып, ұжымға қайта оралып жатады. Бізде зейнетақы және әлеуметтік аударымдармен жұмысқа ресми түрде аламыз. Біз қиын жағдайға тап болған қызметкерлерге қолдау көрсетеміз. Өйткені олардың көпшілігі әлеуметтік осал санатқа, көп балалы отбасыларға жатады. Олардың мұнда келіп тұрақты табыс табатынына өте қуаныштымын", – деді кәсіп иесі.
Галина Архипова бүгінде инфрақұрылымның жақсарып, айналаның көркейіп жатқанын, жыл сайынғы жөндеу және абаттандыру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын, қоғамдық тамақтанудың қолға алынып, ағаштарды уақтылы санитарлық кесу, автотұрақ төлемінің автоматтандырылған жүйесі енгізілгенін алға тартты.
Заңсыз сауда мәселесі қалай шешіледі?
Мұнда 2019 жылдан бері Carcity қауіпсіздік жүйесінің қызметкері Тимур Рүстемов жұмыс істейді. Ол мұнда жалдамалы жұмысшы ретінде қызмет етудің артықшылықтарын алға тартты.
"Мұнда тұрақты жалақымен қатар барлық міндетті әлеуметтік аударымдар, сақтандырулар төленеді. Маған кез келген мәселені келіссөздер арқылы, дау-дамайсыз шешетін әкімшіліктің ұстанымдары ұнайды. Мысалы, бұрындары әйелдер мұнда ыстық тамақ сатуға келетін. Біздің міндетіміз оларға мұнда азық-түлік сататын жеке орындардың бар екенін, ал олар заңды түрде жалақы, коммуналдық төлемдерді төлейтінін түсіндіру. Заңсыз сауда жасауға рұқсаттың жоқ екенін айтып, барлығын бейбіт жолмен шешеміз", - деді ол.

Өкінішке орай, Carcity күзетшілері рұқсат етілмеген сауда мәселесін тек сауда орталығы аумағында ғана шеше алады.
"Көпшілік жол бойында жанармай құю, май ауыстыру және т.б. қызметтерін жарнамалап сататындарды Carcity-де жұмыс істейді деп ойлап жатады. Алайда жоқ, әкімшілік шара қолдану үшін әкімдік пен полицияға тиісті өтініштерді үнемі жіберіп отырады. Кейбіріне түсіндіріп жібергенімізбен басқалары келіп жатады. Ал біздің сауда орталығының аумағынан тыс жерде жұмыс істеуге құқығымыз жоқ болғандықтан, бар үмітіміз қала басшылығында", – деді маман.
Тимур Рүстемов Қаңтар оқиғасынан кейін ұжымының қаншалықты ұйымшыл әрі тату екенін түсінген. Ол төтенше жағдай жойылғаннан кейін басшылықтың төлемақы беріп, қауіпсіздік қызметін көтермелегенін еске алды. Одан бөлек кәсіпкерлердің өзі алғыстарын айтып, шын ниеттерін көрсеткен. Тимур осындай қиын кезде жұмыла қолдау берген жұмыс орнын жоғары бағалайтынын жеткізді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді