Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орыс жезөкшесі": Әнші Сейфуллин Жолбарыстың жары жан сырын ақтарды

Екатерина Вайт пен Сейфуллин ЖолбарысФото: instagram.com/katya.white.kz

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың жары Екатерина Вайт отбасылы ер адаммен қарым-қатынас құру қаншалық қиын болғанын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, жан сырын ақтарды. Блогер өзінен 15 жас үлкен, отбасылы ер адаммен қарым-қатынас бастаған кезде көпшіліктің ауыр сөз айтып, сынға алғанын жасырмады.

“Қарапайым орыс жезөкшесі”. Маған пікірлерде осылай жазатын. Мені қудалаған кезде. Қарым-қатынасымды талқылаған кезде. Мен ол кезде 20 жаста едім. Менің кармамда – екі алты. Ал бұл – өзіңе опасыздық жасау және махаббат үшбұрышына кіруге итермелейтін сынақ. Мен сол жолға түстім. Өзімнен 15 жас үлкен, үйленген ер адаммен кездесе бастадым”, – деп жазды ол.

Әншінің жұбайы бұл қарым-қатынастың әу бастан-ақ сәтсіз болғанын, алайда 20 жаста өмірдің ақ-қарасын толық ажырата алмағанын айтты.

“Бұл әу бастан-ақ сәтсіз қарым-қатынас еді. Бірақ 20 жаста сен бәріне ересек көзқараспен қарамайсың. Сен жетіспеушілік сезімімен өмір сүресің, жалғыз қалудан қорқасың, керек болуға, сүйікті болуға мұқтаж боласың. Мен бәрін бастан өткердім, оның бұрынғы әйелімен қақтығыс, айыптау, қысым, ішкі күйзеліс”, – деп жазды ол.

Екатерина Вайт 15 жылдан кейін шаңырағы шайқалған сәтте “Бұған кім кінәлі? Неге бұлай болды?” деген сұраққа жауап іздеген.

“Біз бірге 15 жыл өмір сүрдік. Ауыртпалық та аз болған жоқ. Бірақ бақытты кездер де жетерлік еді. Әрқайсымыз өз бағамызды төледік. Неке бұзылған кезде, мен алғаш рет өзіме шынайы сұрақ қойдым: неге бәрі дәл осылай болды? “Кім кінәлі?” деп емес, неге оқиға осындай сценариймен өрбіді деп ойландым. Жауапты мен қазір жұмыс істейтін әдістен таптым”, – деп жазды ол.

Ол бүгінде барлық сауалдың жауабын тапқанын, келер уақытта қалай әрекет ету керегін түсінгенін алға тартты.

“Мен өзімнің кармалық түйіндерімді көрдім. Қай жерде өзіме опасыздық жасағанымды түсіндім. Қай жерде қарым-қатынасқа ішкі жетіспеушілікпен барғанымды ұқтым. Өйткені күйеуім мені ханшайымдай көретін. Бұл – ақталу емес.
Бұл – түсіну. Бүгін мен өзіме нені мүлде жасауға болмайтынын білемін, өйткені өз жүйемді танимын. Әлсіз тұстарымды білемін. Мені қандай “минус” жолға алып кетуі мүмкін екенін түсінемін”, – деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сейфуллин Жолбарыстың әйелі отбасылық фотоларын жариялағаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 26 Ақпан, 2026 23:40