"Орыс визажист қабылдамай қойды": Жазира Байырбекова шу шығарды
Танымал әнші Жазира Байырбекова түсірілім алаңында ашуланып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/
Өнер иесі бағдарламаның түсірілім тобына көңілі толмағанын жеткізді.
“Менің ашуланып, сөзге келуім – өте сирек құбылыс. Екі жылда бір болатын шығар, бірақ осы бағдарлама түсірілімінің алдында бет әрлеушімен сөзге келдік. Бағдарламаның атын айтпай-ақ қояйын. Орыс визажист қазақтар келсе басқаша қарап, маған "бетіңізді жақындатыңыз, үстелге жақын отырыңыз" деп дөрекілік көрсетіп, "Тұмар" ансамблін қабылдамай, телефон қарап отыр. Содан басталды бәрі", – деді әнші.
-
"Итті атқанша, мені ат": Жазира Байырбекова бала күніндегі қызық оқиғасын бөлісті
-
"Алтын көрсе періште жолдан таяды": Жазира Байырбекованың жазбасы көпшілікке ой салды
Желі қолданушылары бет әрлеушінің қылығын аямай сынап жатыр.
“Орыстар біздің елде жүріп, қазақтарды менсінбейді”, Сізге сабыр берсін", "Мұндай қызметкерлерді жұмыстан қуу керек", "Бағдарламаның атын неге айтпайсыз?”, "Намысшыл болсаң, сондай болады", – деп жазады көпшілік.
Еске салайық, "Соғыста жүргендей болдым" деп Жазира Байырбекова келін болып түскен кезін есіне алған еді.