Орын санынан көп билет сатқан: Межелеген жеріне бара алмай қалған қазақстандық әйел Air Astana-ны сотта жеңіп шықты

Фото: Air Astana
Air Astana әуекомпаниясы рейске сыймай қалған жолаушыдан сотта жеңіліп қалды. Cол кезде овербукинг болды яғни билет орын санынан көбірек сатылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың 16 тамызында Қызылорда тұрғыны Торғын Әбілқайырова Алматыға ұша алмай қалды. Жолаушы алдын ала онлайн тіркеліп, әуежайға уақытында келген, бірақ оған ұшаққа отыруға рұқсат етілмеген. Жүйелік ақау болған деп болжанды
Алматыға бара алмай қалғаны үшін Торғын сотқа шағымданды. Ол моральдық шығын үшін 5 миллион теңге, заңгерлік шығындар үшін қосымша 200 000 теңге және билетінің құны үшін 56 606 теңге өндіріп алуды талап еткен.
Қазақстандық әйел ұшақта апатты шығу есігін ашып жіберген: Енді 7 миллион теңге төлеуі тиіс
Судья Индира Әбекова Air Astana компаниясының тұтынушыларды қорғау туралы заңды бұзғанын, себебі сатып алынған билет іс жүзінде қызмет көрсету туралы келісімшарт болғанын және әуекомпаниясы бұл қызметтерді көрсетпегенін анықтады.
Нәтижесінде талап ішінара қанағаттандырылды. Жолаушныңа сот шығындарын және билеттің толық құнын өтеу міндеттелді, бірақ судья моральдық залалды 500 000 теңге деп белгіледі. Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.
Айта кетейік, бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы 12 жасар қызды рейске мінгізбей, жалғыз өзін өзге қалада қалдырып кеткені туралы жазған едік. Бала әуежайда жалғыз қалды. 12 жастағы Зерені әуежайдан анасының құрбысы алып кеткен. Ертеңінде қыз Оралға өз бетімен ұшады.
Әуекомпаниясы қателігі үшін қыздың отбасынан кешірім сұрап, баланың анасымен бітімгершілікке келуге тырысқан. Оған 4 миллион теңге төлеу ұсынылды, бірақ қыздың анасы өтемақы төлеуден бас тартты. FlyArystan әуе компаниясы 12 жасар қызды бортқа жібермей, Астанада жалғыз қалдырып кеткені үшін сотқа тартылып, айыппұл төлеуге міндеттелген еді. Олар 5 миллион теңге төлеуі тиіс.
"Соңында талан-таражға түсіп, экологияға қауіп төндіреді": Көкжайлау тау шаңғысы курортын салуға алматылықтар қарсы шықты