Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық зейнеткер Орынбор әуежайында полиция қызметкерлерін соққыға жыққан

Оренбург әуежайында полиция қызметкерлерін соққыға жыққан қазақстандық зейнеткер қамауға алындыФото: Ru.freepik.com

Орынбор облысындағы әуежайда зейнеткер полицияның екі қызметкеріне күш қолданған. Сот Қазақстан азаматына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Іс материалдарына сәйкес, 74 жастағы зейнеткер әйел Қазақстаннан Ресейге қызын көру үшін барған. Ол Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан автокөлікпен өтіп, әрі қарай ұшаққа отыру керек болған. Тексеру кезінде әйелдің қол жүгінде бес литрлік май құтысы бары анықталды.

“Жүк тасымалдау ережелеріне қатысты ескерту алған әйел ашуланып, салдарынан зейнеткердің соққысынан екі құқық қорғау органының қызметкері зардап шекті”, — деп көрсетілген іс материалдарында.

Бұлтартпау шарасын тағайындау үшін сотқа жеткізілгенде зейнеткер өз кінәсін мойындамады және билік өкілдеріне күш қолданбағанын айтты.

Әйелдің егде жаста екенін ескерген сот өтінішті қарауды кейінге қалдырды және туыстарына қамауға алу немесе үйқамақ сияқты жеңілірек бұлтартпау шарасын тағайындауға мүмкіндік жасады. 

“Алайда уақытша ұстау изоляторынан берілген мінездемелеп әйелдің белгіленген нормалар мен тәртіпке бағынғысы келмейтінін көрсетті. Сонымен қатар сот зейнеткердің Ресей Федерациясының аумағынан қысқа мерзімде кетуге неиетті екенін ескерді”, — делінген іс материалында. 

Жиналған мәліметтер негізінде сот зейнеткерге қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. 

 

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 30 Желтоқсан, 2025 08:59