"Ораза ұстаған оқушылар ұйықтап жатыр": Маңғыстау облыстық білім басқармасы шулы видеоға түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде сабақ үстінде ұйықтап жатқан мектеп оқушыларының видеосы тарап жатыр. Автор видеоның Ақтауда түсірілгенін алға тартады. Оқиғаға Маңғыстау облысының білім басқармасы түсініктеме берді.

“Балалар ораза ұстайды. Соның салдарынан сабақ оқымайды, келіп осылай жатады", - деген видеодағы авторы .
Бейнежазбаға Маңғыстау облысының білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды Lada.kz.
Маңғыстау облысының білім басқармасы мониторинг жүргізілгенін хабарлады, бірақ видеоның Ақтауда түсірілгені туралы ешқандай дәлел таба алмады.
"Видео авторы оқиғаның Ақтауда түсірілгенін айтады, бірақ бұны растайтын ақпарат жоқ. Бұрын аудиожазба да тараған еді. Онда мұғалімнің аты-жөні көрсетілген. Алайда облыста мұндай есімді мұғалім жоқ", - деп атап өтті департаменттегілер.
"Қатты қынжыламын": 13 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен жігітке электрондық білезік тағылды
Ата-анамызды асырауға біз міндеттіміз бе?: Бұл сұрақ қазақстандықтардың пікірін екіге бөлді
Желі қолданушысы: “Міндетті емес, бала “мені өмірге әкел” деп ешкімнен өтінген жоқ”
"Біреуді суға батырып жіберсе не болады": Қазақстандықтар мектептерде жүзу сабағының енгізілуіне алаңдаушылық білдірді
Бюджетте бұл мақсатқа қаржы қарастырылмаған және инфрақұрылымның дайындық деңгейі де бағаланбаған