Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ораза кезінде артық салмақтан арылуға болады ма?

Көпшілік  Рамазан айында адам рухани байып, өзін түрлі жаман әдеттер мен қылықтардан тыйып қоймай, сыртқы келбетін де ретке келтіреді деп ойлайды. Мысалы, бір ай ауыз бекіткен адам  көп болмаса да 1-2 келі  артық салмақтан арылады деген түсінік бар.

ауызашар

Негізінде көпшіліктің бұл болжамы керісінше болуы әбден мүмкін. Көпшілік қайта артық салмақ жинап алуы мүмкін. Себебі, аузы берік азамат тек қимыл-қозғалысқа түспейтін кездерде тамақтанады. Түн мезгілінде күндіз ашығып қалмауды ойлағандар қомағайланып, тойып жатады. Міне осы кезде  адам бойындағы тағам қимыл-қозғалыс болмағандықтан артық салмаққа айналары анық.

Тура осы тақырып бойынша ірі зерттеу жұмысын жүргізген америкалық  PubMed медицина кітапханаларындағы сайтта жарияланған  ақпаратта, Аузы берік адамдар Оразаның соңына қарай салмақ тастайды екен. Еркектер 1,51 кг, әйелдер 0,91 кг.

Мұның мәселелі тұсы,  сауықтыру  нәтижесі екі аптаға созылады екен. Ораза айында салмақ тастаған азаматтар әдеттегі тамақтану  режиміне ауысқан кезде, бұрынғы қалпына екі аптаның ішінде түседі екен.

 

Талқылау