Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оранып, шешінетіндерге жауап бермеймін": Дариға Бадықова дінге қатысты көзқарасын айтты

Танымал актриса, кинопродюсер Дариға Бадықова дінге қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Өнер иесі оқырмандар тарапынан келген дінге байланысты сұрақтарға кеңінен тоқталды. “Хиджап киіп қайта шешуге көзқарасыңыз?" деген сұраққа актриса қысқа да нұсқа жауап берді. 

 "Оранып, шешініп жүретіндер жайында әзірге жауап жоқ" деп жауап берген. 



Одан кейін тағы бір оқырманы хиджабты шешкенін айтып, актрисаға кеңес беруін өтінген. 

“Негізі ше, дін жайында әңгіме қозғағым келмейді. Әркімнің өз түсінігі, әрекеті бар. Хиджабқа келер болсақ, оны айыптайтын біз емес. Өздері біледі. Шешіне ме, жалбырай ма, мода көрсете ме?! Рух төмендесе, жан мен тән, теңеспей қалады. Кім қалай түсінді?" деп оқырмандардың өзіне сұрақ қойды.

Еске салайық, Тәжікстан Ислам орталығының ғұламалар кеңесі ұлттық киімге қатысты арнайы пәтуа шығарды. Онда тәжіктердің ұлттық киімдері "ханафи мәзһабы талаптарына толық сәйкес келеді" делінген. Сондықтан ел тұрғындарына "белгілі бір мақсатпен насихатталған мәдениет пен дінге жат" киімдерді киюден бас тартуға кеңес берілді. 

Талқылау