Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдық зейнеткер жалған “отбасына” 1,3 миллион теңгесін аударып жібере жаздады (видео)

алаяқтар зейнеткердің ақшасын шешіп алмақ болғанФото: Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті

Оралдағы сауда орталығында зейнеткер алаяқтарға ақша аударуға дайындалып жатқан жерінен полиция қызметкерлері араласып, дер кезінде тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Зейнеткер терминал алдында 1,3 миллион теңге аудармақ болған. Телефоннан әйел шығып, оған не істеу керегін айтып, айналадағы адамдар сұрақ қойса “ақшаны қызыңызға жіберіп жатырмын” деп айтуға нұсқаған.

Зейнеткер абыржып, асығыс әрекет жасаған. Тіпті қызмет формасындағы полицейлер оның алдынан шығып, түсіндіргенімен, ол тұтқадағы “Тамараға” сеніп қалған. Кейін телефондағы “баласы” мен өзін “полиция қызметкеріміз” деп таныстырғандар қосылып, ақшаны міндетті түрде аударуын талап еткен.

Сараптаған кезде белгілі болғандай, бірнеше күн бойы бейтаныс адамдар қоңырау шалып, жинаған қаражаты жоғалуы мүмкін деп қорқытып, оны “қауіпсіз” шотқа аударуын талап еткен. Зейнеткер сеніп, ақша шешіп, терминалға алып келген, бірақ аударым соңғы сәтте тоқтатылған.

Полиция ескертеді: қарттарға қысым көрсететін алаяқтар өте батыл және арсыз әрекет етеді. Ешбір шынайы полиция қызметкері ақшаны “қорғалған” есепшотқа аударуды сұрамайды.


"Атын айтпауды өтінді": Алаяқтар алдап, баспанасынан айрылған алматылық профессорға белгісіз біреу 23 миллион теңге берген


Ақтөбеде үлескерлерді алдаған компания басшылары сотталып, тұрғындар 5 жылдан бері үйсіз жүр


Еске салайық, бұған дейін Алматыда алаяқтар белгілі професорды алдап баспанасын сатып жібергені туралы хабарлаған едік. Олар әуелі коммуналдық қызмет өкілдері болып хабарласып, кейін ҰҚК қызметкері ретінде қысым көрсетіп, үйін тез сатуға көндірген. Профессор ақшаны “Ұлттық банктің арнайы шотына салынады” деген уәжге сеніп, қаражатты курьерге берген. Қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қоғам белсенділері билік пен құқық қорғау органдарын жағдайға араласуға шақырып отыр.

Айым Атамбаева
Жексенбі, 24 Тамыз, 2025 13:45
Талқылау