Оралдық перзентханада әйел сәбиімен бірге көз жұмды
10 қараша күні Оралдағы көпсалалы ауруханаға плацентасы мерзімінен бұрын бөлініп, толғатқан әйел жеткізілген. Ота кезінде көп қан жоғалтқан әйелдің жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

"Ауруханаға түскен уақытта жүкті әйелдің жағдайы көп қан жоғалтуына байланысты ауыр болды, бұл ауыр асқыну – акушерлік эмболияның дамуы және ұрықтың құрсақішілік өліміне алып келеді. Тез арада операциялық босану шарасы жасалды, алайда клиникалық өлім тіркелді. Жүрек-өкпе реанимациясы жасалып, жүрек қызметі қалпына келтірілді", – деп түсіндірді Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асхат Балықов.
- СҚО-дағы ауруханалардың бірінде жаңа босанған әйел көз жұмды
- Алматыда жүкті әйел көшеде босанып қалды
Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, жүрек соғысы қайтадан тоқтап қалып, реанимация шаралары еш нәтиже бермеген.
Асхат Балықовтың айтуынша, 42 жастағы әйелдің бұл үшінші рет босануы болған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"