Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралдағы мұғалімді қатыгездікпен өлтірген: Сот Темір Сәрсеновке үкім шығарды

Оралда бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өз пәтерінде өлтірді деп айыпталған Темір Сәрсеновке қатысты сот үкім шығарды. Сот күдіктіні үш бап бойынша кінәлі деп тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CMN.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: vk.com/Надежда Никитина

41 жастағы сотталушы Темір Сәрсенов қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру), 188-бабы (Ұрлық), 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша айып тағылды. 

Ол сот отырысында соңғы сөзін айтты. 

“Қылмыстық кодекстің 287-бабына сәйкес өзімді кінәлі деп санамаймын. Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша да кінәмді мойындамаймын. Мен ұры емеспін және ешқашан ұры болған емеспін. Сондай-аққылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес кінәні мойындаудан бас тартамын. Мен адам өлтірген жоқпын, кісі өлтіруге ешқандай себеп болған жоқ. Адамды өлтіру...Надежда Владимировнаны, жоқ... Бар айтарым осы… Бір ғана өтінішім бар: заттай дәлел – ұялы телефонымды, мүмкін болса, анама беріңіздерші”, – деп сөзін қорытындылады Темір Сәрсенов.



Марқұм Надежда Никитинаның қызы Кристина Мишина, оның адвокаты мен жәбірленушіннің қорғаушысы сот отырысына қатысқан жоқ. 

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 12 жалға айыруды сұрады. Сот прокурордың сұрауын ескеріп, Темір Сәрсеновты 12 жылға соттады. Сондай-ақ айыпталушының жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтінін мәлімдеді. 

Сонымен қатар марқұмның қызы Кристина Мишинаның пайдасына 10 миллион моральдық шығын өндірілді.

Еске салайық, бұған дейін Оралда бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өз пәтерінде өлтіріп кеткені туралы жазған едік. Мұғалімнің мәйіті 25 сәуірде табылған. Күдікті ұсталып, сотта жауап берді.

Талқылау