Оралда “жеңгетайлар” жезөкшелерді пайдаланып ақша тауып келген
Орал қалалық сотында «жеңгетайларға» қатысты сот отырысы аяқталды. Тапқан табысты ер адам өз қажетіне жұмсаған. Ал, қыздарға тек аз ғана ақша беріп отырған.
Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.
Тергеу барысында секс-бизнес жасаған азаматтың есімі Асқар Зейнуллин екені анықталды. Оның көмекшісі Азат Батыгереев. Ол жезөкшелерден ақша жинап отырған. Сот алдында Азамат Шаймарданов та жауап берді.
«Сутенерлар бар ақшаны өздері алып отырды. Бізге тек күніне 3 мыңнан беретін. Осылайша 6 ай жұмыс істедік. Тапқан ақшаға Зейнуллин көлік сатып алып, автосервис орталығын ашты», – дейді қыздардың бірі.
Полицейлер қыздардың күн сайын 150 мыңдай табыс әкелгенін айтады. Сот отырысында айыпталушылар кінәсін мойындап, қыздардан кешірім сұрады.
«Сот Асқар Зейнуллин мен азамат Бақтыгереевті кінәлі деп тапты. Зейнуллин 6 жылға, Бақтыгереев 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды. Азамат Шаймарданов 4 жылын жалпы түзеу мекемесінде өткізеді», – деді Орал қалалық сотының төрешісі Мағира Қитарова.
Жіберіп алмаңыз:
ШҚО-да ер адам көшеде кетіп бара жатқан оқушының белдемшесін тартып суретке түсірген
Маңғыстауда 29 жастағы ер адам өзін өзі өртеп жіберді
Ұлттық символды аяқ астына таптаған ағылшын тілі орталығы тұрғындардың ашуын келтірді
Алматы тұрғынының балалар үйінен асырап алған ұлын 2 жылдан соң тастап кеткен анасы қайтып алмақ