Оралда Сомалиден келіп, елде тамадалықпен айналысқан шетел азаматы ұсталды
Оралда Сомалилік тамада ұсталды. 25 жастағы шетел азаматы елімізде тойларға шығып нәпақасын тауып жүрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан кадр
Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады. Дерекке сүйенсек, сомалилік азамат Алматы қаласындағы ЖОО-да бағдарламашы мамандығында оқиды екен.
“Сомалиліктің айтуынша, ол елімізде 2019 жылдан бері тұрады. Алматы қаласының жоғары оқу орындарының бірінің студенті. Осы уақыт ішінде ол қазақ тілін жақсы меңгеріп, салтанатты іс-шараларға қатысып, ақша тауып жүрген”, - делінген полиция ақпаратында.
Сондай-ақ полицияда оның неліктен қамауға алынғанын түсіндірді. Белгілі болғандай шетел азаматының визасының уақыты бітіп кеткен. Соның негізінде оған көші-қон заңнамасын бұзу фактісі бойынша хаттама жасалды. Материал сотқа жіберілді. Енді сомалилік тамада депортациялануы мүмкін.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған