Оралда миллиондаған пара алған шенеунік 13 жылға сотталды
Облыстық кіріс департаментінің бөлім бастығы Нұрболат Орналиев, алдағы 13 жылын темір торда өткізеді. Сотталушыға алаяқтық, пара беруге азғыру және пара алу баптары бойынша айыптар тағылды, – деп хабарлайды КТК арнасы.
«13 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленсін. Өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетіліп, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді», – дейді БҚО мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Бақыт Ермаханов.
Естеріңізге салсақ, жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро, Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаментінің бөлім бастығын шілде айында 25 миллион теңге пара алып жатқан сәтінде құрықтаған. Бұл, ірі көлемдегі параның соңғы бөлігі екен. Себебі, кейін тергеу мәліметтерінде, оның жалпы көлемі 101 милллион теңгені қалтасына басқаны анықталды. Арам жолмен пайдаға кенелген ол, қайырымына жалған кәсіпкерлікке қатысты қылмыстық істі тоқтатып, әрі қарай қолдау көрсетпек болыпты.
Оқи отырыңыз:
Павлодарда трамвай қаққан оқушы қыздардың анасы кінәлі әйелден 1,5 миллион теңге талап етті
Қостанай облысында педофил 10 жасар қызды зорлап кетті
Алматы облысының полицейі жұмыс орнында тұратын болды
Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің ақыры мәйіті табылды