Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда құрылыс алаңында ер адамның үстіне кірпіш құлап, ол оқиға орнында көз жұмды

Оралда құрылыс алаңында кірпіш құлап, өтіп бара жатқан адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамның қаза тапқанын хабарлады. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға салынып жатқан 9 қабатты тұрғын үйдің жанында болған. Құрылыс жұмыстары кезінде кірпіш биіктіктен құлап, өтіп бара жатқан адамның үстіне түскен. 



Полицияның хабарлауынша, марқұм шамамен 60 жаста болған. Осыған ұқсас оқиғалар бұрын да болған.

Бұған дейін, 2023 жылы әйелдің үстіне кірпіш құлап, зардап шегуші сол жерде көз жұмған. 

“Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өкілі Әлима Ғарифуллина. 

Айта кетейік, бұған дейін Астанада ер адамның басына кірпіш құлап, мерт болған еді. 

Талқылау