Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда кондуктор 10 теңге үшін оқушыны аялдамадан түсірмей қойған

Оралда кондуктор жол ақысын төлеуге 10 теңгесі жетпей қалған баланы аялдамадан түсірмей қойған.

Бұл туралы «Мой ГОРОД» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кондуктордан қорлық көрген Диманың ағасы Ілия Исаев оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Айтуынша, сағат 13.00 шамасында №12 бағыттағы автобусқа отырған інісі алдымен оған хабарласқан.

“Подстепной жақтағы саяжайға баруы керек болған. Қоңырау шалған соң анам оны күтіп алу үшін аялдамаға қарай шықты. 5 автобус өткен шығар, бірақ інім сол күйі келмеді. Оған хабарласа бастадық, телефоны сөніп қалған екен», – дейді Ілия.

Бұдан кейін жақындары Дима өтуі тиіс аялдамалдардың барлығын аралап шыққан, алайда баланы таппаған.

«Екі сағаттан кейін таныстарымыз хабарласып, Диманың №12 автобуста «Универмаг» жақта кетіп бара жатқанын айтты. Жол ақысына 10 теңге жетпегендіктен, кондуктордың оны түсірмей қойғанын жеткізді. Осылайша інім автобустың соңғы аялдамасына дейін барған. Ал жүргізуші мен кондуктор тамақтарын ішіп, кері қайтқан», – дейді Диманың ағасы.

Ал жол ақысына жетпей қалған 10 теңгені баланың таныстары төлеп берген.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда әйелдер колониясы басшысының орынбасары парамен ұсталды

Қостанайлық полицейлер 10 жасар баланы анасының рұқсатынсыз көлікке отырғызып әкеткен

Оқулықтағы эротикалық сурет туралы қауесет таратқан адам жазаланбақ

Қарағандыда 5 жасар қызды зорлаған педофил тағы 1 ай қамауда отырмақ

Талқылау