Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда қызғаныштан күйеуінің интимдік суретін таратып жіберген әйел сотталды

БҚО-да әйел қызғаныштан күйеуінің интимдік суретін "WhatsApp" желісі арқылы таратып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Облыстық прокуратураның мәліметінше, сот барысында әйелдің кінәсы толық дәлелденген. Орал қалалық сотының үкімімен әйел “жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнамасын бұзғаны” үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.


Оралда ер адам әйелінің интимді суреттерін қайын атасына жіберген


Прокуратура дәл осы жағдайға ұқсас, азамат И-дің әйелінің жеке суретін таратқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеді.

Үкімдер заңды күшіне енген.

“Жеке өмірге қол сұғылмаушылық материалдарын келісімсіз тарату ауыр моральдық зиян келтіріп қана қоймай, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін”, – делінген прокуратураның хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін белгілі журналист Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуін интим фото-видеоларын таратқаны үшін соттатып жібергені туралы жазған едік. 

Талқылау